Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Тек республиканың батыс және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең кей жерлерінде тұман болып, күндіз кейбір аймақтарында бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.