Хабар телеарнасы

Алдағы күндері еліміздің кейбір аймақтарында аптап ыстық болады

Болжамдары бойынша ертеңнен бастап күн күрт жылып, Күнгей мен Қызылордада 45 градусқа дейін ысуы ықтимал. Қарағанды, Жамбыл және Алматы облыстарында 40-43, теріскейде 38 градус ыстық болады деген болжам бар. «Бұл күндері ешбір өңірде жаңбыр жаумайды», – дейді мамандар.