Ядролық физика институтында ашық есік күні өтті
Алматыда 57 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп түрған атом электр станциясының шағын макеті барын білетін бе едіңіз? Зерттеу мақсатындағы реактор Ядролық физика институтында орналасқан. АЭС пен зерттеу реакторларына МАГАТЭ-нің қауіпсіздік талаптары бірдей және 57 жылда реакторда бірде-бір оқыс оқиға болған жоқ. Бүгін осы Ядролық физика институтында ашық есік күні өтті. Ғалымдар бейбіт атомды пайдалану, атом электр стансасының қауіпсіздігі туралы жан-жақты ақпарат берді. Жиылған жұрт реакторда жүргізілетін ғылыми және өндірістік жұмыстармен де танысты. Бұл институт ішкі нарықты онкологиялық ауруларға қарсы препаратпен қамтып отыр.
Жақсылық Тезекбаев, Ядролық физика институты зерттеу реакторы қондырғысы бас инженерінің орынбасары:
-Реакторда өндірілетін заттарға келетін болсақ, ядролық медицина оның ішінде фарм препараттарымыз бар. Одан кейінгі жасалатын эксперименттеріміз, радиология, археология жағынан эксперименттер жүргіземіз, фундаменталды физика жағынан эксперименттер жүргіземіз. Радиофарм препараттар қазіргі Қазақстанның өндірісі және медицина жағынан 75% біздің зерттеу реакторы қамтамасыз етеді деп айтсам болады.