Еліміздің бірқатар аймағында ыстық ауа райы сақталады
- Категория: Ауа райы

Синоптиктер 26-27 шілде аралығындағы ауа райына болжам жасады. «Қазгидромет» РМК хабарлағандай, атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен алдағы үш тәулікте Қазақстанның көптеген облыстарын жауын-шашынсыз ауа райы күтіп тұр, сондай-ақ ауа температурасы жоғарылай бермек.
Республиканың оңтүстік бөлігінде қатты ыстық болады, термометр бағандары күндіз плюс 40-45º С -қа дейін жоғарылайды.
Қазақстанның солтүстік бөлігінде күндіз ауа температурасы 27-33, кей жерлерде 35-38º С-қа дейін көтеріледі. Бірқатар облыста аптап ыстықтың салдарынан ескерту жарияланды.
26-29 шілде аралығында күндіз Қарағанды облысында 40-42 градусқа дейінгі аптап ыстық болуы мүмкін.
26-29 шілде күндері күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында 45 градусқа дейінгі қатты ыстық күтілуде.
26-30 шілде күндері күндіз Жамбыл, Алматы облыстарында 40-43 градустық аптап ыстық болады деген болжам бар.