Еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады
Ал республиканың солтүстік облыстары арқылы атмосфералық фронттар өтеді, сондықтан осы өңірлерде қоңыржай жылы ауа райы болады, кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі және бұршақ жаууы мүмкін. Сонымен қатар атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның орталық және шығыс аудандарының кей жерлерінде өткінші жаңбыр жаууы мүмкін және ыстықтың әлсіреуі болжанады.
Күндіз 28-29 шілдеде Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, 29-30 шілдеде Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде 40-43 градус ыстық күтіледі, деп жазады Қазгидромет.