Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады
Еліміздің батысында 31 шілдеде ыстықтың қайтуы күтіледі.
Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Желдің 15-20 м/с-қа күшеюі күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, күндіз Жамбыл облыстарында желдің күшеюі 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Қостанай, кей жерлерде Кызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады. Ал Ақтөбе облысында аптап ыстық болады деп күтіледі.
Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, кей жерлерде Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қазақстанның барлық территориясында ауа температурасы климаттық нормадан 3...7°С-қа дейін жоғары болады деп күтіледі.
Ақпарат көзі: Қазгидромет