Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады
Республиканың солтүстік және оңтүстік-батыс аумақтарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыс, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста, сондай-ақ еліміздің солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Күндіз Қостанай, Ақмола,Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ, дауыл болуы мүмкін, жел екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болуы мүмкін. Жамбыл облысында жел екпіні күндіз 25 м/с күшейеді, бұршақ, дауыл болады.
Оңтүстік-Қазақстан облысында жел 17-22 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күтіледі. Түнде және таңертең Маңғыстау облысында тұман болады.
Күндіз Алматы, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс-Қазақстан, Қарағанды облыстарында қатты ыстық ауа райы күтіледі.
Ақпарат көзі: Қазгидромет