21:00Эфирде: Тұсаукесер! "Көзімді жұмсам да..."
23:00Әрі қарай: Телесериал. "Другая жизнь Анны"
×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 149
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

Алдағы күндері еліміздің басым аймақтарында аптап ыстық болады

  • Категория: Ауа райы
Алдағы күндері еліміздің басым аймақтарында аптап ыстық болады
Фото: glavny.tv

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

Солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі. Қазақстанның қалған бөліктерінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Күндіз 6-8 тамызда Батыс Қазақстан, 6-8 тамызда Ақтөбе, 6 тамызда Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Күндіз 6 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде, 7-8 тамызда облыстың басым бөлігінде 40-43 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Күндіз 6 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде, 7-8 тамызда облыстың басым бөлігінде 43-45 градус өте қатты ыстық күтіледі.

6-7 тамызда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, 7-8 тамызда Павлодар облыстарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с және аса күтіледі.

7-8 тамызда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 17-22, екпіні 30 м/с және аса күтіледі.

Сондай-ақ...