Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық сақталады
Жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел екпіні күшейіп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 17-22, 30 м/с екпінімен соғуы мүмкін. Жекелеген аудандарда бұршақ, дауыл болуы ықтимал. Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с бұрқасынмен қатар күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, күндіз жекелеген аудандарда бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының күндіз кей жерінде жел 15-20м/с күшеюі күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей аймақтарында бұршақ болуы мүмкін. Жамбыл облысында жел 15-20 м/с бұрқасынмен күшеюі күтіледі.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында күндіз аптап ыстық сақталады. Сонымен қатар Алматы, Жамбыл, Кызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында күн ыстық болады деп күтіледі.