Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады
Жаңбыр найзағаймен болады, жел күшейіп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Республиканың батысында, солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың солтүстігінде және солтүстік-батысында тұман күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ, дауыл, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа күшейеді, тұман болады. Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.
Ақмола, Қарағанды, Алматы, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ, дауыл болып, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау, түнде Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауылмен болады.
Алматы облысы, Қызылорда, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.