Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Тек республиканың шығысында фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр күтіледі, солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста түңгі және таңғы уақыттарда кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста кей жерлерде жел күшейеді, шаңды дауыл болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, күндіз найзағай күтіледі, түнде және таңертең – тұман.
Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауылмен бірге жел 17-22 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Атырау облысының басым бөлігінде, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық ауа райы күтіледі.