Елімізде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с шаңды дауылмен бірге күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с болады, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Атырау, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Күндіз Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық ауа райы сақталады.
Ақпарат көзі: Қазгидромет