Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтілуде, жел 15-20 м/с Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз таулы аймақтың кей жерлерінде найзағай күтіледі.
Күндіз Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, Ақмола облысының жекелеген аудандарында найзағай жарқылдайды.
Күндіз Маңғыстау, Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық ауа райы сақталады.
Ақтөбе, Атырау, Қызылордада, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.