Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады
Еліміздің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, батысында шаңды дауылмен соғады, солтүстікте кей жерлерде тұман болады.
Жамбыл, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында күндіз кей жерлерде жел күшейіп, найзағай байқалады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіліп, мүмкін бұршақ, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен бірге күшейеді. Солтүстік Қазақстан, облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтілуде. Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде найзағай байқалады.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, кейбір жерлерде Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында қатты ыстық ауа райы күтілуде. Ақтөбе облысында кей жерлерінде өте қатты ыстық күтілуде.
Батыс Қазақстанда, Атырау, Қызылорда, кейбір жерлерде Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.