Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады
Оңтүстік-батыста, солтүстікте, солтүстік-шығыста, орталық және шығыс республикасында түнде және таңертен тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі, күндіз бұршақ, дауыл болуы ықтимал. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертен тұман, күндіз 15-20 м/с жел күтіледі.
Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай күндіз Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында түнде Қарағанды, түнде және таңертең Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерінде 2 градусқа дейін салқындайды. Ал Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.