Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады
Солтүстік-батыста түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с. Ақмола облысының кей жерінде түнде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады. Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с болады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Оңтүстік Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді. Қостанай облысында желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі, кей жерлерде тұман болады. Ақтөбе облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында түнде 3 градусқа дейін үсік жүру қаупі күтіледі.
Ақпарат көзі: Қазгидромет