Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
- Категория: Ауа райы

Фото: helmut-groetschel.de
Солтүстік-батыс, Орталық және Шығыс Қазақстанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай, кей жерлерде желдің күшеюі күтіледі, түнде және таңертең тұман болады.
Шығыс Қазақстан, Павлодар, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с-қа жетеді. Қарағанды, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман күтіледі.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.