Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады
- Категория: Ауа райы

Республика территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр күтілуде, оңтүстікте найзағаймен, тек шығыста, оңтүстік-шығыста және қиыр солтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, таңертең және күндіз 23-28 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, күндіз Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, Оңтүстік Қазақстан облысында екпіні 23 м/с күшейеді. Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстары, және Алматы облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.