Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады
Еліміздің басым бөлігінде салқын және бұлтты, жауын-шашынды ауа райы сақталады.
Оңтүстікте ауа температурасының аздаған жоғарылауы және жауын-шашынның тоқтауы болжанады. Бірқатар аймақта түнде ауа температурасының 3 градусқа төмендеуі күтіледі.
Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде ауа температурасы 3 градус аязға төмендейді. Алматы облысында жауын-шашын күтіледі (жаңбыр сулы қарға ұласады), оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. Түнде ауа температурасы 1-6 градусқа төмендейді.
Ақпарат көзі: Қазгидромет