Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады
- Категория: Ауа райы

Фото: trud.ru
Қазақстанның территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашынды ауа райы сақталады, тек Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Маңғыстау мен Атырау және Ақтөбе облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақпарат көзі: Қазгидромет