Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі
- Категория: Ауа райы

Фото: oboi-na-stol.com
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашынды ауа райы сақталуы мүмкін.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстанның кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Жамбыл облысында 25 м/с дейін күшейеді. Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.