Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік және шығыста түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Алматы облысындағы Жалаңашкөл аумағында желдің күшеюі 20-25 м/с болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.