Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі
Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс және орталығының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола, Солтүстк Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейіп, түнде және таңертең тұман болады.
Түнде Қостанай, Қарағанды облыстарында тұман болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болып, күндіз найзағай бақыланады. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с-қа күшеюі күтіледі.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
Ақпарат көзі: Қазгидромет