Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі
Тек солтүстікте, шығыста және қиыр оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 17-22 м/с-ге дейін күшейеді. Қызылорда облысында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге дейін, Жамбыл, Қызылорда облыстарында екпіні 23 м/с-ге дейін күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-ге дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с-ге дейін жетеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, түнде және таңертең Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, деп жазады kazhydromet.kz.