Хабар телеарнасы

Астанада гендерлік даму мәселесі талқыланды

Сенат төрағасының қатысуымен Палата жанындағы сарапшылар клубының кезекті отырысы өтті. Іс-шара барысында гендерлік даму мәселелері талқыланды. Қазір Қазақстан халқының 51% – әйелдер. Яғни 10 миллионнан асады. Жиынға қатысушылар олардың құқығын қорғау бойынша өздерінің жұмыстары және озық тәжірибелері туралы пікір алысты. Сарапшылардың айтуынша, бүгінде экономикалық секторда әйелдердің әлеуеті жеткілікті деңгейде емес. Бұл әсіресе ауылдық жерлерде қатты байқалады. Сондай-ақ оларға қатысты зорлық-зомбылық та маңызды мәселе күйінде қалып отыр. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

-Гендерлік дамуға және әйелдерді қорға мен әлеуетін жүзеге асыру үшін бірқатар жұмыс атқарылды. Бұл әлі жекіліксіз. Олардың экономикалық және саяси өмірге белсенді қатысуына кедергі келтіретін дүниелер әлі де бар. Оның бірі қисынсыз идеялар мен стереотиптер. Мұндай қағиданы өзгерту бағытында жұмыс жүргізу қажет.