Қызылорда облысында Жосалы, Төретам және «Арал теңізі» вокзалдары күрделі жөндеуден өтіп, қолданысқа берілді. Бұл ғимараттардың салынғанына ғасырдан асқан. Олар «Орынбор – Ташкент» теміржолының құрылысы кезінде бой көтерген. Жөндеу барысында вокзалдардың іргетасы мен қасбеті қапталды. Шатыры, есіктері мен терезелері жаңартылды. Электр желілері мен жылу жүйесі қайта жүргізіліп, заманауи құралдар орнатылды. Жолаушылар үшін күту залы, медициналық пункт, мүмкіндігі шектеулі жандар мен балалы аналарға арналған, арнайы бөлмелер қарастырылған. Қазір елде 124 вокзал жөнделіп жатыр. Қызылорда облысындағы 7 вокзал, 2 қызмет көрсету пункті және Талап бекетіндегі платформада жұмыстар толық аяқталды.
Жасқайрат Мәмбетәлиев, «Арал теңізі» теміржол вокзалының бастығы:
- Бұл жерден қаншама туристер өтеді. Арал теңізінің тарихын білесіздер, сол теңізді зерттеу барысында басқа да жұмыстармен туристер Аралға көп келеді. Арал теңізі станциясынан 12 пар, яғни 24 пойыз екі бағытқа өтеді. Қазіргі таңда тоқтап өтеді екі бағытқа.