Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей рейс ашылуы мүмкін

  • 7
  • 21.09.2026, 18:40

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс ашылуы мүмкін. Көлік министрлігі рейсті 2026 жылдың соңына қарай іске қосуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Ұшақтар елімізден АҚШ-қа дейін шамамен 15-16 сағат ұшады. Оны іске қосу үшін Air Astana, Boeing 787 Dream-liner ұшақтарын елге жеткізіп жатыр. Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсін ашу 2020 жылдан бері көтеріліп келеді. АҚШ мамандары 21-25-ші қыркүйек аралығында Қазақстанда ұшу қауіпсіздігіне қатысты халықаралық аудит жүргізеді. Бұл Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей әуе рейстерін ашу жөніндегі екі жылдық келіссөздің шешуші кезеңі болмақ.