Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі
Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің күшеюі – 15-20, екпіні – 25 м/с, кей жерлерінде көктайғақ, түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшеюі – 15-20, күндіз екпіні – 25 м/с, тұман, көктайғақ күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 18 м/с-ге жетеді, түнде және таңертең – тұман.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел – 15-20 м/с, тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел – 15-20 м/с. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел – 15-20 м/с, найзағай күтіледі. Қарағанды, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстырында тұман күтіледі, деп Қазгидромет.