Алдағы тәуліктерде жел күшейіп, қар жауады
![Алдағы тәуліктерде жел күшейіп, қар жауады](http://khabar.kz/media/k2/items/cache/e0b48c97205145bc61fda693c2370d7d_XL.jpg?t=20171025_172628)
Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі мен тұман болып, бұрқасын, көктайғақ оңтүстік бөлігінде найзағай күтіледі. Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің 15-20,екпіні 25 м/с күшейуі күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейуі күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз желдің 15-20 м/с күшейуі күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде жаяу бұрқасын, тұман, желдің 15-20 м/с күшейуі күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, түнде желдің 15-20 м/с күшейуі, таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысында түнде жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.