Еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын күтіледі
Және желдің күшеюі мен тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Қостанай, Қарағанды облыстарында тұман, көктайғақ болады. Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысында да ауа райы жоғарыдағыдай болады. Павлодарда таңертең және күндіз, ал Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде және Алматы облысының Жалаңашкөл ауданыныда жел 17-2 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарында тұман мен көктайғақ болуы мүмкін.
Ақпарат көзі: Қазгидромет