Республиканың бірқатар өңірінде жауын-шашын жауады
- Категория: Ауа райы

Фото: Today.kz
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жауын-шашын жауады.
Тек республиканың батысы мен солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман, көктайғақ болып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады деп күтіледі.
Ақпарат көзі: Қазгидромет