Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады
Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі (15-20 м/с) күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.
Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз желдің күшеюі (15-20 м/с) күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Түнде Шығыс Қазақстан, күндіз Оңтүстік Қазақстан областарының кей жерлерінде желдің күшеюі (15-20 м/с) күтіледі. Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан областарының кей жерлерінде тұман күтіледі, деп жазады kazhydromet.kz.