Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады
- Категория: Ауа райы

Фото: cdn1.img.ria.ru
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.
Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с, Шығыс Қазастанда екпіні 30 м/с-қа жетеді.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақпарат көзі: Қазгидромет