Алдағы тәуліктерде қар аралас жауын-шашын күтіледі
- Категория: Ауа райы

Фото: Фото: Сегодня
Қазақстанға ауып келген антициклонның ықпалымен демалыс күндері басым облыстарда ауа райы жауын-шашынсыз, күн салқын болады.
Тек батыста және сенбі күні республиканың шығысында жаңбыр және қар аралас жауын-шашын, көктайғақ күтіледі.
Қазақстан территориясының басым бөлігінде түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман сақталады.