Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады
Республиканың кей жерлерінде көктайғақ пен тұман, жел 15-20 м/с-қа күшейеді, солтүстігінде бұрқасын болады.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде желдің күшеюі 15-20 м/с-қа дейін жетеді, жекелеген аудандарда бұрқасын, көктайғақ, тұман болады.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде көктайғақ пен тұман болып, жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақпарат көзі: Қазгидромет