Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Тек батыста және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын және жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, көктайғақ, күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Оңтүстік-Қазақстан облысының кей жерінде тұман, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.