22 қарашаға арналған ауа райы болжамы
- Категория: Ауа райы

Фото: Алау-ТВ
Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста және шығыста жауын-шашын сақталады.
Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі.
Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, күндіз Атырау облысында желдің (15-20 м/с) күшеюі күтіледі, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, түнде және таңертең Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, хабарлайды Қазгидромет.