Алдағы күндері ауа райы аздап суытады
- Категория: Ауа райы

Фото: Фото: Сұрақ-жауап
Алдағы демалыс күндері еліміздің оңтүстік бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады. Кей жерлерде жаңбыр соңы қарға ұласып, көк тайғақ болуы мүмкін.
Ал республиканың қалған өңірлерінде атмосфералық қысымның әсерінен тұман түседі. Кей аудандарда аздап қар ұшқындайды. Қазгидромет мамандарының болжамынша, жексенбі және дүйсенбі күндері ауа температурасы төмендейді. Бірақ климаттық нормадан 3-6 градусқа жоғары болады.