Еліміздің кей аймақтарында жаңбыр жауып, көктайғақ болады
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с болады. Күндіз Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында желдің күші 15-20 м/с болады. Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман бақыланады. Ақмола облысында жаяу бұрқасын, тұман бақыланады. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.