Еліміздің бірқатар өңірінде жауын-шашынды ауа райы сақталады
Тек республиканың оңтүстік, солтүстік және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Жамбыл облысында тұман болып, желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/сқа жетеді деп күтіледі. Қостанай облысында желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады.
Ақмола облысында тұман болады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің күшеюі күтіледі.
Қызылорда облысында тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с болады. Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с болады деп күтілуде.
Қарағанды, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында көктайғақ, тұман болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады.
Ақпарат көзі: Қазгидромет