Алдағы тәулікте көктайғақ пен желдің күшеюі болжануда
Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел 18-23, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. Павлодар, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с және одан да күтіледі, Павлодар облысында бұрқасын күтіледі. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с, Батыс Қазақстан облысында екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі. Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында көктайғақ күтіледі.
Ақмола, Қостанай, облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.