Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауып, көктайғақ болады
Республиканың басым бөлігінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күшеюі 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с болады және жекелеген ауданында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с-қа жетеді деп күтіледі.
Қызылорда облысында тұман, бұрқасын болады. Павлодар облысында желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтілед. Маңғыстау, түнде Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің күшеюі 15-22, екпіні 25 м/с болады.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 18-23 м/с болады деп күтіледі. Атырау, Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады.
Ақпарат көзі: Қазгидромет