«Мерейлі отбасы»
Өнегелі отбасы – елдің тұтқасы. Жарасымды жанұя мен ізгілікті қасиеттерге толы әулет қашан да көпке үлгі болуы тиіс. Осы мақсатта 2013 жылы Елбасы Жарлығымен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жарияланған болатын.
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
«Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі» деп тегін айтылмаса керек. Шаңырақ шаттығы мен ұлттық тәрбиені ұлықтайтын бұл байқауда тіпті жасы жүзден асқан, өткен ғасырдың сан түрлі соқпақтарынан өтіп, бүгінгі күнге аман-есен жеткен данагөй қарияларымыз да бар.
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық жеңімпаздары республикалық кезеңде бақ сынап, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар анықталмақ.