Хабар телеарнасы

«Дулати» телехикаясы. 1-бөлім

Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы болған әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати туралы да аңызға толы талай сыр бар.
Кезекті туынды ХV-XVI ғасырлардағы Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын, қалалық және егіншілік мәдениетін сипаттайды. Сондай-ақ Дулатидің «Тарихи Рашиди» атты еңбегін жазу барысындағы елеулі оқиғалар сюжеттік желіге кіріп отырады.
Ұлы далада әмірші болған текті әулеттің ұрпағының сан-қилы тағдыры арқылы әлемдік тарихқа ықпал еткен ұлы тұлғаны насихаттайтын «Дулати» телехикаясын тамашалаңыздар!