«Дулати» телехикаясы

Dulati

Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы болған әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати туралы да аңызға толы талай сыр бар.

Көрерменге жол тартқан кезекті туынды ХV-XVI ғасырлардағы Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын, қалалық және егіншілік мәдениетін сипаттайды. Сондай-ақ Дулатидің «Тарихи Рашиди» атты еңбегін жазу барысындағы елеулі оқиғалар сюжеттік желіге кіріп отырады.

Ұлы далада әмірші болған текті әулеттің ұрпағының сан-қилы тағдыры арқылы әлемдік тарихқа ықпал еткен ұлы тұлғаны насихаттайтын «Дулати» телехикаясы көрермен көңілінен шығады деген үміттеміз.