«Бақталас» телехикаясы
Қайсар өз тіршілігімен аздаған тиын-тебен жинайды. Қымбат көлік мінгісі келеді. Алайда әкесі «шаруашылықты ретке келтірейік» деп трактор сатып алуды ұсынады. Жартылай несиеге трактор сатып алады. Өмір осылай сырғып өтіп жатады. Кезекті көкпарға қызу дайындалып, аттарын баптап жүреді. Ат баптау кезінде Қайсар атасынан үйренген ерекше тәсілдермен көкпарға тас түйін дайын болады. Мұндай сәтте қарсыласының осал тұсын іздейтін Мәди Қайсардың командасының ішкі құпиясын білуды көздеп жүреді. Қайсардың командасындағы аттарды қарайтын ең кіші Әлихан есімді жас бала Қайсармен келіспей қалады. Осыны аңдыған Мәди Әлиханды өзіне тартып, бірден көкпарға шаптырады. Тәжірибесіз жас Әлихан ауыр жарақат алады. Күтпеген жерден келеңсіз оқиға орын алып, Қайсардың шаруа қожалығында өрт шығып, жаңа трактор бүлінеді.
Шытырман оқиғаларда қызғаныш та, қасақана қастық та, сатқындық та, сынға түскен қиын сәттер де көрініс табады.