«Дулати» телехикаясы. 4-бөлім
Саид хан әскеріне кері шегінуге бұйырды. Мұны көрген Қашғар ханы Әбубәкір масаттанып, әскері де еркінси бастады. Дегенмен бұл көреген Саид ханның соғыс тактикасы еді.
Құпия жолдың арқасында оның әскері қамалдың тас қақпасын іштен бұзды. Сөйтіп, 40 жыл бойы ешкім ала алмаған Қашғар қамалына ту тікті.