Республика күні Республика күні
ШЫНАР ҚУАНЫШҚЫЗЫ ИХСАНҒАЛИЕВА

ШЫНАР ҚУАНЫШҚЫЗЫ ИХСАНҒАЛИЕВА

«Хабар» телеарнасының директоры

1974 жылғы 20 тамызда дүниеге келген.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша, Қазақстандық көпсалалы «Парасат» институтын «Аударма ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1995–1997 жылдары Атырау облыстық телерадиохабарлары компаниясының редакторы қызметін атқарған.

1997–2004 жылдары «Қазақстан телевизиясы және радиосы» республикалық корпорациясы» ЖАҚ-да «Ақшам» ақпараттық бағдарламасы бас редакциясының редакторы, Алматы бюросының ақпараттық бағдарламалар тілшісі және ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының тілшісі болып жұмыс істеген.

2006–2007 жылдары «Хабар» Агенттігі» АҚ редакторы болды.

2007–2019 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ-да түрлі редакторлық және басшылық қызметтер атқарды. Редактор, өңірлік хабар тарату бөлімінің басшысы, редакторлық бөлімнің редакторы, жастар шығармашылық-танымдық бірлестігінің бағдарламалар редакторы әрі жетекшісі, «Әлеумет» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі, продюсер және бағдарламалар өндірісінің жетекшісі қызметтерін атқарды.

2019–2024 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Бағдарламалар өндірісі дирекциясы директорының орынбасары, кейін дирекция директорының орынбасары – жетекшісі қызметтерін атқарды.

2024–2025 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды.

2025–2026 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы директорының орынбасары қызметін атқарды.

2026 жылғы 7 қазанда «Хабар» Агенттігі» АҚ «Хабар» телеарнасының директоры болып тағайындалды.

Ведомстволық наградалары:

2018 жылы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

2022 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.