«Мектеп» деректі драмасы
Адам мектепте әріп таниды, адам таниды, өзінің мінез-құлқына сәйкес орта табады. Дегенмен мектеп ерте жүктілік, суицид, мұғалімнің оқушыны, тіпті оқушының мұғалімді ұруы сынды мәселелердің де ордасына айналып отыр.
Осы орайда «Мектеп» деректі драмасы оқу ордасының әлеуметтік өміріндегі шынайы картинаны ашып бермек. Бұл тың жоба мұғалім мен оқушы арасындағы көзге көрінбейтін жіпсіз байланысты қайта орнатуды, ата-ананың мектепке деген көзқарасын оңтайландыруды, қоғамдағы мұғалім беделін арттыруды мақсат етеді.