«Алпыстан асып барамын» телехикаясы
«Алғабас» ауылында ақсақалдар кеңесі деген ұйымның атауы болғанымен, іс жүзінде бұл кеңестің атқарып жатқаны шамалы еді. Көрші ауылдарда осы институтты жандандырып, ол ауыл өмірінің жақсаруына ықпалы тиіп жатқанын көріп жүрген ауыл әкімі осы үрдісті жолға қоюды көптен бері ойлап жүрген болатын.
Ауылда ақыл айтатын абыз ақсақалдардың да қарасы азайған. Оның үстіне қазір әркімнің өз тіршілігі бар, өз басындағы проблемасы жеткілікті дегендей. Бастапқы кезде алқа жұмысы бірден жүріп кете қоймайды. Дегенмен, уақыт өте келе алқа жұмысы дұрыс жолға қойылады. Ауыл тұрғындары арасындағы көптеген мәселелердің түйінін шешіп, елдің алғысын алып, ақсақалдар институты қазіргі қоғамда алатын орны бар, өміршең, аса қажет ұйым екенін дәлелдейді.